17-19 сәуір аралығында «Атырау жылу жүйелері» АҚ магистральдық және таратушы жылу желілерін гидравликалық тығыздыққа жоспарлы сынақтан өткізуде, деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Бұл күндері тұтынушыларға ыстық су беру уақытша тоқтатылады.
Жазатайым жағдайларды болдырмау үшін жылу қызметкерлері қала тұрғындарынан сынақ кезеңінде жылу құбырларына 10 метр қашықтықта жақындамауды, ал құбырлар ағып, жарылған жағдайда дереу : 99-43-07 , 99-43-98, 32- 22-58 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды