Атырау, 25 қараша 22:49
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұнай құбырындағы екі апат

11 142 просмотра

Бүгін, 10 маусымда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 7 маусымда Исатай ауданындағы мұнай құбыры желісінде орын алған апат туралы хабарлады. Атырау облыстық экология департаменті бастығының орынбасары Руслан ТӨКЕНОВТІҢ айтуынша, ол жерде екі апат болған.

Апаттар «ЖайықМұнайГаз» МГӨБ тұрба құбырының Исатай ауданындағы Балғымбаев пен Жаңаталап кеніштерін жалғап тұрған бөлігінің 14-ші шақырымында 7 маусымда сағат 18-де және 8 маусымда сағат 12-де орын алды. Р. Төкенов атап өткендей, аудандық экология инспекциясының қызметкерлері мұнай төгіндісін анықтаған. Содан кейін кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жүргізуді бастап, мазутталған аумақты өлшеген. Қоршаған ортаға тигізілген зиян есептелуде.

Бірінші апат кезінде төгілген мұнай алаңы 3,2 мың шаршы метр құрайды. Екінші жағдайда қанша жердің ластанғаны хабарланбайды. Қазіргі уақытта «ЖайықМұнайГаз» МГӨБ күшімен апат орнын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Исатай ауданының мұнай кәсіпшіліктерінде бұрын да апаттар болған. 2011 жылдың 30 қарашасында Жанбай селосында «Потенциал ойл» компаниясына тиесілі мұнай құбыры жарылды Мұнай құбырындағы апат жанбайлықтарды ауыз сусыз қалдырды» жарияланымын қараңыз).

Исатай ауданының прокуроры Мақсат ЕРМЕКОВхабарлағандай, 7 маусымда «Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-на қарасты диаметрі 219 мм құрайтын «Жаңаталап-Балғымбаев» мұнай құбырының 11 км тұсынан темір тұрбаның жарылуы салдарынан мұнай эмульсиясы төгілген.

Төгілген мұнай эмульсиясының жалпы көлемі 101 тоннаны құрап, көлемі 3,2 мың шаршы метр жердің ластанғаны анықталды. Сол күні МГӨБ авариялық тобы апатты жойып, мұнайды айдау қайта жаңғыртылды, қазіргі уақытта аумақты тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық прокуратуран облыстық экология департаментіне «Ембімұнайгаз» АҚ-нан 4,85 млн теңге мөлшерінде қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшерін өндіру және лауазымды тұлғаларды ҚР ӘҚБтК-нің 250-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізілді. Бұл бап бойынша 25 айлық есептік көрсеткіштен 200-ге дейін мөлшерде айыппұл салу көзделген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді Исатай аудандық прокуратурасы ұсынды

10 маусым 2013, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.