Атырау, 1 мамыр 00:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Зеленский мобилизация туралы заңға қол қойды

359 просмотра

Украина президенті Владимир Зеленский мобилизация туралы заңға қол қойды, құжат 2024 жылдың 16 мамырынан бастап күшіне енеді, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Заң бейбіт уақытта бес айлық, соғыс кезінде үш айлық базалық әскери қызметті енгізеді. Құжат сонымен бірге жалпы әскери дайындықты енгізуді де қарастырады – 2025 жылдан бастап ол жоғары оқу орындарындағы оқудың бір бөлігі болмақ.

Азаматтарда арнайы электронды жеке кабинет болады, әскери комиссариаттар сол арқылы электронды шақырту жіберуге тиіс. Шетелде тұратын Украина азаматтары 60 күн ішінде әскери тіркеуге тұруы керек.

Әскерге шартты түрде сотталған азаматтар да шақырылуы мүмкін. Тек Украинаның ұлттық қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасағандар шақырылмайды.

Мобилизациядан жалтарған азаматтардың құқықтары шектелуі ықтимал, мысалы олар көлік жүргізуші куәлігінен айырылады. Әскерден жалтарғандарға айыппұл көбейеді.

  • 11 сәуірде Украина жоғарғы радасы мобилизация туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдаған. Құжатқа 283 депутат – "Слуга народа" партиясының өкілдері мен өзге де фракция мүшелері дауыс берді. Оны оппозициялық "Европейская солидарность" және "Батькивщина" партиялары қолдамады.

17 сәуір, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.