Атырау, 22 қараша 18:57
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қырғызстанда TikTok бұғатталады

463 просмотра

Қырғызстанда TikTok әлеуметтік желісіне кіруге шектеу қойылады. Ақпаратты республиканың Цифрлық даму министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kg сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Қырғызстанның интернет-провайдерлеріне байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметінен ел территориясында TikTok-қа кіруді шектеу және 18 сәуірге дейін жазбаша жауап беру туралы хат келіп түскен.

Министрлік бұл шаралар МҰҚК хаты негізінде жасалғанын түсіндірді.

"Шешім шығаруға TikTok тарапынан "Балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы" ҚР Заңын сақтамау негіз болды. Заңда балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат түрлері анықталған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қырғызстан Мәдениет министрлігі былтыр тамыздың аяғында Цифрлық даму министрлігіне TikTok-ты бұғаттау туралы өтініш жолдаған болатын.

17 сәуір, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.