Әлеуметтік желіде Жылыой ауданы Құлсары қаласында суға кеткен ықшамаудандырдың бірі Төртінші ауылда балықтың қырылып жатқаны жөнінде жазба тарады.
Кейбір тұрғындар судың ластануынан балықтар өлген деген де пайым жасап отыр. Ал құзырлы мекеме судан сынама алынып, ешқандай қауіп жоқтығын алдын ала мәлімдеген болатын.
Бұл жөнінде аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис АЙШУАҚОВА бұл балықтар бұрын үйлердің бірінде сақталып, кейін үй суға кеткенде көшеге шашылып қалған болуы мүмкін екенін айтады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА