ZHEBE.COM. «Іштен шыққан жау» - Соңғы кездері интернет кеңістігінде Қазақстанның Ресейге қосылуын жақтайтындар белсенді түрде әрекет ете бастады. Әсіресе, facebook әлеуметтік желісін бұл мақсат үшін пайдаланып жатқандар көп. Тіпті атын атап, жарнама жасамай-ақ қоялық, бір қолданушы 31 мамыр «Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күнін» атап өтуді тоқтату туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ашық хат жазды. Одан соң Қазақстанның Ресейге қосылғанын қалайтынын мәлімдеді.
«Сүлейменов Ресейді әлі пір тұтып жүр» - Кедендік одақтан басталған интеграцияны мүлдем басқа бағытқа бұрып, саяси сипатқа енгізуді көздейді. Ашығын айтар болсақ, Кеңес одағының үлгісіндегі одақ құрғылары бар. Ресей саясаткерлерінің пиғылын Сүлейменов білмей отырған жоқ. Бірақ, қарсы уәж айтқысы да келмейді. Шамасы «ескі достарын» өкпелетуді құп көрмейтін сияқты.
TURKYSTAN.KZ. «Елкебаев және қазақ футболы» - Қазақ еліне Семейде пайда болған футбол ойыны бірінші болып Елкебаевтың мұсылман жетім балаларға арналған мектебінен бастау алып, қала балаларының арасында біртіндеп кең өріс ала бастайды. Аяқ допты ойнауды бірінші болып Әміржан Ситдықов пен Нәсір Миршановтар бастаған бір топ мектеп оқушылары диірмен алдындағы алаңға допты алып шыққан. Мұны қызық көрген балалар қаланың әр жерінен келіп, аяқпен доп тепкен балалардың ойынын қызықтайды. Аяқ допты Ә.Ситдықов пен Н.Миршановқа допты асырап алған әкесі Рахматулла Елкебаев жақсы оқығандары үшін сыйға тартқан. Бұларға кейіннен 1907 жылы Семейге келіп, 5 кластық қалалық орыс училищесіне оқуға түскен, олармен достасып кеткен Мұхтар Әуезов келіп қосылады. Осылай футбол ойыны Қазақстанда тұңғыш рет басталып кетеді.
ALASHAINASY.KZ. «Тұрғын үйді оңалтудың ПИК-тен басқа жолы жоқ па?» - Тұрғын үй мәселесі – тың көзқарасты қажет ететін сала. Соның ішінде бүгінде көпшіліктің көңілін күпті қылып жүрген ПИК-тердің жұмысы көпқабатты тұрғын үйлердегі ахуал былай жалғаса бермеуі тиістігін көрсетіп отыр. Қажеттіліктен туындап, өмірге дендеп енген ПИК қажетімізді ашпай келеді.
«Қазақтың зарын домбыра айтар, домбыраның зарын кім айтар?» - 1986 жылы көрнекті этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлы тапқан таста домбыраның және онда билеп тұрған бес адамның суреті бейнеленгені мәлім.Оны ғалымдар неолит дәуіріне жатқызғаны және аян. Қазақтың дөңмаңдай ғалымдары сонау алты мың жыл бұрын пайда болғанын дәлелдеп берген қазақтың сол қасиетті домбырасы бүгінде арзандап кетті. Бүгінгінің сәнді сөзімен айтқанда, қазақтың бренді болуы тиіс ұлттық аспап құнтқа мұқтаж.
AIKYN.KZ. «Баспананы арзандатпай болмайды» - Дәл қазіргі таңда басқа аймақтарды былай қойғанда, Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларының өзінде шаршы метрі 100 мың теңгеден асатын пәтерлерді өткізу үлкен мәселе. Өйткені бұл қалалардың өзінде тұрғындардың орташа жалақылары 100 мың теңгеден сәл ғана асады. Соның 21 мың теңгесін үш жылдағы инфляция жеп қойды деп есептесеңіз, осы қалалардан үй алғысы келетіндер бар болғаны шаршы метр үшін 79 мың теңге ұсынуға қабілетті. Мінекей, ақиқат – осы.
AZATTYQ.ORG. «Әблязов пен Назарбаевтың қақтығысы» - Мұхтар Әблязовтің әйелі мен қызын Италиядан депортациялау Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның арасындағы қақтығыстың қаншалықты ушыққанын көрсетеді.
«Интерполды саяси құрал ететін елдер көп» - Интерпол мамырдың соңында америкалық инвестор Браудерді бақылау туралы Ресейдің өтінішін орындамады. Бірақ бұл - сирек жайт. Интерполдың "қара тізіміне" қазақстандық саясаткерлер де ілініп отырады.
«Түркиядағы наразылықтың қандай астары бар?» - «Түркиядағы үкіметке қарсы шығудың негізгі себебі – елде біртіндеп орнаған әміршіл билік пен Ердоғанның сынды елемеуі ашындырған жұрттың ашу-ызасы» деп жазады Батыс басылымдары.
JASQAZAQ.KZ. «Гүлмен гүлдану немесе Голландиядағы гүл индустриясы мен қазақтың енжарлығы» - Тікелей ауыл шаруашылығымен айналысатын қаржы ұйымы көптеген елдерде кездеседі. Германияда тікелей диқанды қаржылай қолдайтын ауыл шаруашылығы рента банкасының тиімділігін немістер жақсы біледі. Бізде өз бөлімшесін ашқан Түркиядағы «Зираат» банкінің атауы егіншілікке барып тіреледі. Дегенмен бұл банк қазақтың фермерін жарылқай қойған жоқ. Ресейде «Россельхозбанк» бар. Бірақ деревнясы қаңырап, жемқорлық жайлаған орыс жұртында шаруаның жарытып жатқаны шамалы.
«Санасын секта улаған ауыл немесе адасқан "анастасиялықтар"» - «Анастасия» қозғалысы Қазақстанға Ресейден келген. Ол «Нью эйдж» қозғалысымен тең дәрежеде екен. Енді бұл туралы мамандар не дейді? Ғаламтордағы «Жалған ілімнің құпиясы» (Тайна ложных учений) фильмінде Ресейдің сектаға қарсы қозғалыс басшыларының бірі, Свято-Тихонов гуманитарлық университетінің сектатану кафедрасының меңгерушісі Александр Дворкин былай дейді: «Мен бүгін Анастасия сектасы туралы айтпақпын. Оны «Ресейдің сыңғырлаған балқарағайы» (Звенящие кедры России) – деп те атайды.
SERKE.ORG. «Ақтөбедегі даудың басы Перуашевтың келуімен басталды» - Бұл жиынға қолдау білдірген Амангелді Айталының («Ақ жол» партиясының Ақылдастар алқасының төрағасы, 2-суретте) айтуынша, Асқар Садықовқа 41 делегат дауыс берген. «Бұдан былай филиалдың заңды жетекшісі - сол» деді А.Айталы. Бірақ, мұнымен І.Көбенов келіспейді. Оның айтуынша, А.Садықовты сайлаған жиында кворум болған жоқ. Себебі, облыстағы 12 ауданның 10-ынан келген делегаттар жиыннан кетіп қалған болатын. «Делегаттардың басым бөлігі мені төраға етіп сайлады. Себебі, «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалын құрған мен болатынмын. 2003 жылдан бері филиалға жетекшілік жасап келемін» деді І.Көбенов.
«Мешімбаеваны Ресей бермей жатыр» - Қазақстан мен Ресей құқық қорғау органдары ҚР статистика агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Мешімбаеваның қазіргі азаматтығын анықтап жатыр, деді ҚР бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель. «Қазір оның азаматтығын анықтау процесі жүріп жатыр. Меніңше, алдағы уақытта бұл мәселе шешіледі, және Ресейдің бас прокуроры оны беру туралы шешім қабылдайды», - деді И. Меркель, жұма күні журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
EGEMEN.KZ. «Өзбек байымаса да там салады» - Қазір халқының саны 30 миллионға (2013 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша 29 994 600 адам) жетіп жығылған өзбек ағайындардың басты мәселесінің бірі – баспана. Бұл елде жыл сайын шамамен 150 мыңнан астам отбасы құрылып, еншісін алып жатады. Ала тақиялы көршілеріміздің 15 миллионнан астам халқы қышлақта өмір сүретіндіктен, Өзбекстан үшін де ауылдық жерлерді абаттандырып, жас отауларды үй-жаймен қамтамасыз ету өзекті жәйт.