Атырау, 24 қараша 22:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда 14,5 шақырым қосымша канал қазылып жатыр

Бейнежазба
719 просмотра

«Қазсушар» мекемесінің Атырау облыстық филиалы мен жергілікті әкімдік бірлесіп су тасқынына дайындық аясында қосымша 14,5 шақырым канал қазып жатыр. Тереңдігі - 2 метр, ені - 7 метрден асатын канал Атырау қаласы арқылы өтетін судың көлемін азайту мақсатында қазылуда. Яғни, Жайықтан келген су қосымша канал арқылы Каспий теңізіне құяды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, Атырау облысына келген суды Қазсушарға қарасты негізгі 4 канал: Соколок, Сарыөзек, Бақсай және Нарын қабылдап, теңізге қарай өткізеді. Мұнда Ресейдің Сақмар өзені мен Ириклі су қоймасынан келетін суды қабылдау үшін қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл су сәуір айының соңы немесе мамырдың басында келеді деп болжанып отыр.


15 сәуір, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.