Атырау, 24 қараша 22:52
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысында ҰБТ мен мемлекеттік емтихандарды тапсыру мәселесі тұр

588 просмотра

Атырау облысындағы күрделі су тасқыны жағдайына байланысты мектептерде БЖБ мен ТЖБ тоқтатылды. Бұл туралы Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА хабарлады.

«ҰБТ мен мемлекеттік емтихандарды тапсыру мәселесіне келсек, жергілікті жағдайға байланысты шешім қабылданады», - дейді Э.Тұңғатарова.

Естеріңізге салсақ, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары ТЖБ және БЖБ сынақтарынан босатылған еді. Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды. Басқа аймақтарда сабақ қалыпты режимде жалғасуда.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

15 сәуір, 12:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.