Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы Комитетіне қарасты Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Тұрлан Сүлейменов облыстағы су бассейндерінің жағдайы туралы айтып, 1942, 1957 және 1993 жылдары болған тасқын кезінде Атырау қаласын су баспағанын атап көрсетті.
Ал, биылғы Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы Иректі су қоймасынан жіберілген су мөлшері азайған. Тәжірибе бойынша Атырау қаласына жеткенге дейін жіберілген судың 20 пайызы ауаға буланып ұшады. Өзен бойындағы сай-саланы толтырып отыратындықтан облыс аумағына келетін судың мөлшері азаюы да мүмкін.
– Қазір Сарыөзек және Соколок каналдары аршылып, негізгі судың қарқынын азайту үшін теңізге жіберу шаралары қарқынды қолға алынды. Барлық күш – әскери құрылымдар да, техника мен қажетті адам күші де жұмылдырылған. Сондықтан, Атырау тұрғындарын ортақ мақсаттағы іске жауапкершілікпен қарап, су тасқынынан қорғануға белсенділікпен қатысуға шақырамын, - деді Тұрлан Берғалиұлы.
Атырау облысы төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.