Атырау, 24 қараша 22:24
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

+9 см: 15 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет

741 просмотра

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша , 2024 жылғы 15 сәуір сағат 8-дегі жедел мәліметті жариялады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы. 

Өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен Атырау облысының Жайық өзенінің
деңгейі өзгерді:  
  
Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгей 528 см., су деңгейі +3 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы су деңгейінің көтерілуі - 305 см құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентінің су деңгейі 654 см., су деңгейі + 14 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 337 см құрайды.
   
Жайық өзені-Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 373см., су деңгейі +9см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері судың жалпы көтерілуі 182 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

"15 сәуірде Иректі су қоймасынан жіберілген су көлемі   447 м3 / с құрайды", - делінген хабарламада.


15 сәуір, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.