Атырау, 24 қараша 23:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​"Доссор - Құлсары" жолы уақытша ашылды

Бейнежазба
519 просмотра

14 сәуірде "Доссор - Құлсары" бағытында жол қатынасы уақытша ашылды, деп хабарлайды ТЖ жөніндегі Атырау облысының жедел штабы.

Еске сала кетсек, 4 сәуір күні Жем өзені арнасынан асып, Жылыой ауданында орын алған тасқын су Құлсары қаласына бағыт алатын Доссор-Құлсары тасжолын басып өткен еді.

Жөндеу жасалған учаскедегі уақытша жол қозғалысы патрульдік полиция ротасының үздіксіз бақылауында болады.  Тасқын судан соң жөнделген тасжол аумағында қозғалыс бір бағытта кезекпен реттеледі.


15 сәуір, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.