Атырау, 24 қараша 23:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысына мыңнан астам әскери қызметшісі келді

507 просмотра

ҚР Қорғаныс министрінің нұсқауына сәйкес тасқын суға қарсы іс-шараларға жәрдем көрсету үшін Атырау облысына "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының мыңнан астам әскери қызметшісі жіберілді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Теміржолмен жеткізілген біріккен құрам Шымкент, Тараз және Гвардейск гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдерден құрылған. Сондай-ақ, алпыстан астам әскери және арнайы техника келді. 

«Біздің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығымыздың әскери қызметшілері Атырау қаласына жақсы ниетпен және отандастарымызға барынша көмектесу мақсатымен келді, сондықтан оларды жұмысқа баптаудың қажеті жоқ. Біз еліміздің және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты кез келген міндеттерге дайынбыз", - деді Шымкент қаласынан келген топтың аға полковнигі Айбар Абайұлы.

Әскери қызметшілер легін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев басқарып келді. Әскерилерді Махамбет, Индер аудандарының елді мекендері мен Жаңаталап ауылына жіберу жоспарлануда. Онда олар жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізетін болады.


15 сәуір, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.