Атырау, 25 қараша 00:00
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырау облысында су тасқынынан бұзылған жол учаскесі 15 сәуірге дейін қалпына келтіріледі

513 просмотра

«Атырау-Доссор-Құлсары-Ақтау» тас жолының су тасқыны бұзған учаскесін 15 сәуірге дейін ашу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

2024 жылғы 4 сәуірде еріген қар суының мөлшерінің артуы салдарынан «Атырау-Доссор-Құлсары-Ақтау» тас жолының 101-103 шақырымындағы жүру бөлігін су шайып, жалпы ұзындығы 20 метр болатын 2 жол учаскесі бұзылды.

2024 жылғы 12 сәуірде еріген қару суының деңгейі түсе сала, «ҚазАвтоЖол» филиал мамандары жол қозғалысын қалыпқа келтіру үшін бірден жөндеу жұмыстарын бастады.

Қазіргі таңда диаметрі 1 метр болатын 12 бірлік су өткізгіш металл құбырлар орнатылды. Аталмыш шараға 31 бірлік арнайы техника (5 жүк тиегіш, 20 қотарғыш, 2 жайғыш, 1 автогрейдер, 1 кран, 1 экскаватор, 1 трал) мен 39 адам жеке құрамнан жұмылдырылды.  Сондай-ақ, учаскеде 1500 м3 фракциялық және инертті материал әзірленді.

Сонымен қатар, теміржол торабында 1035 м3 қиыршықтастар мен 600 м3 кесектастар жүктелуде. Қосымша 400 м3 кесектастар жолда келуде.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан Құлсары қаласының И.Тайменов және Құржұманов көшелері арқылы полиция патрульдік қызметімен жол қозғалысы жүзеге асырылатын болады.

«ҚазАвтоЖол» мамандары 15 сәуірге дейін жол қозғалысын ашуды жоспарлап отыр.

14 сәуір, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.