Бүгін, 14 сәуірде, таңғы сағат 9 шамасында ТЖД күштерімен және тұрғындардың көмегімен ер адамның денесі табылды.
Еске салсақ, ағымдағы жылғы 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 ж.т. әкесі 2000 ж.т. баласымен рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді қарау үшін барып, кейін эвакуациялық пунктке кері оралмаған. Іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Атырау облысы ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.
Кейінірек сағат 13:40-та баласының денесі өз тұрғын үйінен 1 км қашықтықта 1.5 м тереңдікте су астынан табылды.
Атырау облысы ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА