13 сәуір сағат 17:10-да республикалық маңызы бар Атырау-Астрахань жолының 821 шақырымында екі көліктің қатысыумен жол-көлік апаты орын алды.
1994 жылы туған жүргізуші басқарған Toyota автокөлігі өзімен бір бағытқа кетіп бара жатқан КамАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысты. Соқтығыс салдарынан жеңіл көліктегі жүршізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Қазір оқиға бойынша тиісті құжаттар жинақталып жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА