Атырау, 24 қараша 23:51
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҚТЖ билет бағасы мен қосымша пойыздар туралы хабарлады

704 просмотра

Су тасқыны кезінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыз билеттерінің құны өскен жоқ және сол деңгейде сақталып қалады, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Мәселен, купе вагондарында Орал-Қызылорда пойыздарында жол жүру құны 13 915 теңгені, плацкарт - 9 216 теңгені құрайды. Атырау-Астана-Қарағанды бағыты бойынша пойыздарда жол жүру купеде 18 114 теңге және плацкартта 11 898 теңге тұрады.

Сонымен қатар, ҚТЖ еліміздің су тасқыны қаупі бар аймақтарынан 13 мың адамды тегін шығарды. Оның ішінде Атырау-Құлсары-Мақат және Атырау-Құлсары-Маңғыстау бағыттары бойынша 10 мың адам тасымалданды. 

Сондай-ақ, Ұлттық ұлан мен ҚР ТЖМ жеке құрамының 2,7 мыңға жуық адамы тасымалданды. Багаж вагондарымен гуманитарлық көмек жеткізіледі. 

 Ұлттық тасымалдаушы 13 сәуірден бастап Орал-Қызылорда, Атырау-Астана-Қарағанды және Атырау-Алматы бағыттары бойынша қосымша пойыздарды тағайындайды. Астана-Атырау-Астана бағытындағы жолаушылар пойыздарына қосымша тіркеме вагондар қосылды. Бұл қосымша 2 мыңға жуық жолаушыны әкетуге мүмкіндік береді. 

13 сәуір, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.