Атырау облысында су деңгейі мен су тас тасқынына қарсы іс шараларды онлайн бақылау үшін Жайық жағалауын көрсетіп тұрған камералардың барлығы онлайн трансляцияға қосылды.
Онлайн көрсетілім GOV.KZ сайтында барлық тұрғын үшін қолжетімді.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Атырау ықшамауданын су басты, қалаға кіріп жатыр деген фейк аудио хабарламалар тараған болатын. Енді тұрғындар ақпаратқа көз жеткізу үшін картадан қалаған учаскенінің камерасынан онлайн көз жеткізе алады.
Камералар Индербор кентінің көпірінен бастап, Махамбет көпірі, Сарайшық, Алмалы ықшамаудандарында және қаланың қала маңындағы елді мекедерде Дамбаға дейін қолжетімді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ