Атырау, 23 желтоқсан 00:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында екі кен орнында төрт ұңғыма су астында қалды

1 078 рет қаралды

Қазіргі уақытта Атырау облысында 4 ұңғыма су астында қалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ КПБ Атырау облысы бойынша департаменті.

«Шығыс Уаз» кен орнында 3 ұңғыма бар: №101, №106, №116 («Ембімұнайгаз»АҚ «Қайнармұнайгаз» Мұнай-газ өндіру басқармасы) – бөгеттің жанына төселген құм салынған қаптардың үстіне топырақ төгілуде, сондай-ақ Сағыз өзеніне суды НБ-50 сорғымен айдау жұмыстары жүргізілуде (4 адам және 2 арнайы техника жұмысты жалғастыруда). «Жаңа Мақат» кен орнында 1 ұңғыма – № Е7 («5А Ойл» ЖШС) – үйінділерді салу және қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Аталған ұңғымалар уақытылы қуатсыздардырылды және тығыздалды.

Облыстың қалған кен орындарындағы жағдай бірқалыпты және тұрақты бақылауда.

13 сәуір 2024, 01:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.