Атырау, 28 мамыр 15:09
 ашықВ Атырау +21
$ 442.84
€ 480.97
₽ 5.00

Air Astana тобы су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізеді

618 просмотра

Air Astana тобы су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізеді, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Air Astana жұртшылықты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және ҚР Көлік министрлігімен өткен кеңестің қорытындысы бойынша Air Astana және FlyArystan 13-24 сәуір аралығында Атыраудан Алматы мен Астанаға рейстерге су тасқыны кезеңінде арнайы тариф енгізетіні туралы хабардар етеді. Аталған тарифтің құны бір жаққа эконом-класта 40 000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ FlyArystan Атыраудан Шымкент, Ақтау және басқа қалаларға рейстерге арнайы тарифтерді уақытша енгізеді.

Бұған дейін Air Astana тобы 9-18 сәуір аралығында Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырылғанын хабарлаған болатын. Жалпы тұрақты рейстермен бірге 95 рейс орындалады.

13 сәуір, 01:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.