Атырау, 24 қараша 22:58
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көршілер арасындағы төртінші «тең ойын»

787 просмотра

Ақтөбедегі 12 мың орындық стадионда осы аттас футбол клубы ҚР чемпионатының 4-ші туры аясында «Атырау» командасын қабылдады.

Көршілес екі облыстың командалары су тасқыны түрінде үлкен сынақты бастан өткеруде, дейді футбол комментаторы.

Алаң иелері кездесудің 11-минутында айып добын орындап, есеп ашты. Мұнайшылардың қақпашысы Егор Хаткевич допты қақпаға дарытпауға тырысқанымен нәтиже болмады.

Арада 58 минут өткенде осындай гол қарсы қақпаға соғылды. Оның авторы «Атырау» сапында ойнап жүрген беларусь шабуылшысы Николай Сигневич болды.

Алаң иелеріне азғана артық ұпаймен жеңеді деген букмекерлік кеңселердің болжамына қарамастан, ойын тең аяқталды. Бұл төртінші тең ойын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Сурет «Ақтөбе» ФК баспасөз қызметінен

12 сәуір, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.