Ұстазына былапыт сөз айтқан жасөспірімнің анасы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды сттың баспасөз қызметі.
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, 9-сынып оқушысы сабақ үстінде ұстазына былапыт сөз айтып, ұсақ бұзықылық әрекетін жасаған.
Істі қарау барысында жасөспірімнің анасы - Б. ұлының айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген қылығы үшін кешірім сұрады.
Сот қаулысымен жасөспірімнің анасы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қысқартылған тәртіппен 18 091 теңге әкімшілік айыппұл салынды.