Атырау облысында Жылыой ауданында Жем өзенінің су деңгейі тәулік ішінде 15 см түсті, деп хабарлайды ТЖД.
Су тасқыны басталғалы бері жалпы түскен су деңгейі 107 см құрайды. Су тасқыны салдарын жою үшін Жылыой ауданында қазіргі уақытта 5652 адам жұмыс істеуде, 2019 бірлік техника, 17 бірлік жүзу құралдары, 21 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.
«Аудан орталығында соңғы деректер бойынша суға кеткен үйлер саны 2798 құрап отыр. Бүгінгі күні 12 үйден су кетті. Аудан төңірегінде облыстық маңызы бар Доссор – Құлсары – Ақтау тасжолын су шайып кетті. Ауданнан 36 738 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8 382-сі бала. 10 мыңнан астам мал басы қауіпсіз жерге айдалды», - деді Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің ресми өкілі Айсұлу Келдіғалиева ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Жылыой ауданына жан-жақтан гуманитарлық көмек жеткізілуде.