Атырау, 10 сәуір 08:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15

​Жайық деңгейі қаншалықты көтерілді: 12 сәуірдегі деректер

1 226 рет қаралды

2024 жылғы 12 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет.

“Қазгидромет"  Атырау облысы бойынша РМК-ның мәліметінше, гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 2024 жылдың 12 сәуір таңғы 8 сағаттағы жағдай бойынша су деңгейінің көтерілуі:

- - Индербор кентіндегі гидропостта су деңгейінің көтерілуі -  14 см,  БҚО тарапынан судың келуі есебінен су тасқыны басталғалы бері жалпы су деңгейініі  көтерілуі  -  278 см құрайды,
- Махамбет кентінде су деңгейі 28 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу деңгейі - 288 см құрайды, 
- Атырауда су деңгейінің көтерілуі -  22 см, су тасқыны басталғалы бері жалпы су деңгейінің көтерілуі -  143 см.

"12 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу деңгейі 720 м3 / с құрайды", - делінген хабарламада.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

12 сәуір 2024, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.