Атырау, 24 қараша 23:01
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудағы мұнай-газ және басқа да нысандар үшін қауіп жоқ

659 просмотра

gov.kz  

Атырау облысындағы күрделі су тасқыны жағдайына байланысты өңірдегі мұнай-газ және басқа да қауіпті нысандарда қорғау шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Кәсіпорындарды, «Квадрат» және «Тухлая Балка» булану кен орындарын, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын, «АМӨЗ» ЖШС нысандарын, NCOC компанияларын («Болашақ» зауыты), «КРІ» ЖШС, «KUS» ЖШС, «Вест Дала» ЖШС, «Қазтрансойл» АҚ «АНУ» және т.б зауыттардың су басу ықпалдығын азайту мақсатында қоршауларын пломбалау және нығайту, сонымен қатар құм қапшықтарын, пленка және басқа да материалдарды пайдалана отырып, қорғаныс бөгеттерін салу арқылы аталған кәсіпорындардың периметрлерін нығайту жұмыстары жүргізілуде.

 Кәсіпорын нысандарын су басуынан қорғау бойынша басқа да тиімді шаралар қабылдануда. Кадрлық кезекшілік ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараларға 32 арнайы техника мен зауыт пен мердігер ұйымдардың 220-дан астам қызметкері жұмылдырылған.

2024 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойынша нысандарды, желілік тораптарды немесе магистральдық мұнай құбырларын су басуы тіркелген жоқ.

Бүгінгі таңда су басу қаупі жоқ.

12 сәуір, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.