Атырау, 23 желтоқсан 00:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атыраудағы ауыз судың сапасы бар нормаларға сәйкес келеді

717 рет қаралды

«Атырау су арнасы» КМК-ның бас технологы Жамиля Исағалиева мәлімдегендей, бүгінгі күнге Жайық өзені мен қалалық коллектордағы судың химиялық талдамасы қалыпты деңгейде, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

-11 сәуірде Жайықтан алынған бастапқы судың лайлылық деңгейі 197 мг/л болды, норматив - 1500. Бастапқы судың түстілік деңгейі – 355 градус, ГОСТ бойынша норматив – 120. Бастапқы суда қалдық хлор жоқ, нормативте де тестіленбеді,- деді Жамиля Исағалиева.

Ал, қалалық коллектордегі тұтынылатын суға қатысты бас технолог келесідей ақпарат берді.

-Қалалық коллектордағы судың шығу сатысындағы лайлылық деңгейі  0,5 мг /л, түстілігі -  2 градус, қалдық хлор – 0,8. Ал, ауыз судағы нормативтер 0,5  - 1,5 МГ/Л, 2- ден  – 20 градусқа дейін. Қалалық коллектордағы хлор деңгейі 0,8 болса, нормасы - 0,8-1-2 мг/л.  Яғни, ауыз су барлық нормаларға сай келеді,-деп тұжырымдады Ж.Исағалиева            

11 сәуір 2024, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.