Жоғалған Жылыой ауданының тұрғыны су тасқыны салдарынан пайда болған аралдан табылды.
49 жастағы ер адам Қарағай ауылынан Құлсары қаласына қайықпен шыққан.Туыстары ер адам уақытында оралмай, байланысқа шықпай қалған соң дабыл қаққан.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, әуе дроны арқылы ауылдан 10 шақырым қашықтықта су тасқынынан пайда болған аралдан ер адамды тапты. Қазіргі уақытта аталған азаматтың жағдайы бірқалыпты, туысқандарына қауышты.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА