Тұрғындардың айтуынша, Жайық жағасы жаппай нығайтылып жатқанда олардың 3,5 шақырым аумағы қалалық әкімдік пен ТЖ жою штабының назарынан тыс қалған. «АЖ» тілшісі сол жерге барып, учаскеде жұмыс жүргізілмей жатқанына көз жеткізді.
«Химиктің» жағалық бөлігі тегіс, 100 метрден 400 метрге дейін алып жатыр, жағасында бау-бақша учаскелері, күшті шаруашылықтары мен бау-бақшалары бар мықты үйлер бар. Қауіп-қатер басталғалы бері тұрғындар топырақты өз бетінше қаптап, әр жерге үйіп жатыр. Өйткені олар мұны қалай дұрыс жасау керектігін білмейді. Бағбандар әркім мүмкіндігінше ақша жинап, қапшықты өздері сатып алған. 300 мың теңге жиналған. Қазіргі уақытта қапшық бітіп қалған. Күн сайын өзен суының көтерілгеніне шарасыздықпен қарап, барлық ведомстволық инстанцияларға техника жолдауды сұрап хат жазуда.
- Бізде жұмыс күші бар, бірақ көршілес «Рыбник» бау-бақша қоғамындағыдай өзіміз бөгет жасай алмаймыз, - дейді «Химик» б/қ төрайымы Елена ҚАНАТОВА. – Кеше делегация боп, штабқа бардық, олар тіпті ғимаратқа да кіргізбеді. Жарытып ештеңе айтпады. Біз волонтерлерге жүгіндік, бірақ бәрі бос емес, қапшық бермеді. Біз шарасызбыз! Штабқа барған соң бізге трактор жіберді. Ол үш сағат жұмыс істеп, сағат 19:00-де бітірді. Бүгін қайтып келмеді, бізге көмектесе ме, жоқ па, әлі білмейміз.
Өзеннің қалалық бөлігі мен қала маңының барлық ұзындығы шақырымдаған учаскелерге бөлінгені белгілі. Олардың барлығы 107. «Химикке» ресми түрде кемінде үш компания бекітілген, олар қазір әрекет жасамай отыр. Кейбір тұрғындар бағбандық қоғамды су басып қалса, шығын көлемі онша көп емес болғандықтан көмек көрсетілмейді, сондықтан ең алдымен тұрғын үй ықшамаудандары нығайтылып жатыр деген пікірде. Дегенмен, «Химик» саяжай емес, ол жерде адамдар тұрғылықты тұратынын, тіркелгенін және барлық қажетті коммуналдық қызметтерді төлеп жатқанын еске салған жөн.
«“Химик” жағалауы нығайтыла ма, жоқ па?» деген штабқа қойылған «АЖ» сауалы жауапсыз қалды. Ал, Жайықтың деңгейі болжанған деңгейге көтерілгенде, ахуалдың қалай болатынын жай көзбен қарап ақ білуге болады - «Химик су астында қалып, жүздеген үйлер және мыңдаған адамдар баспанасыз қалады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Суреттерді түсірген автор