Атырау, 24 қараша 22:56
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Вокзалдағы жағдайға жедел штаб түсінік берді

606 просмотра

Әлеуметтік желіде теміржол вокзалында түсірілген бейнежазба тарады. Кадрдан перрондағы адамдар легін көруге болады. Бейнежазба авторы жергілікті тұрғындарды адастырып, «тұрғындар қаладан жаппай кетіп жатыр» деген жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Кеше, 10 сәуір күні станцияға бір мезгілде төрт пойыз келді:

- Құлсарыдан вахталық жұмысшылар бар  пойыз; 

- Атырау-Құлсары бағытында бес вагоннан тұратын тегін пойыз; 

- ⁠Ақкөл (Құрманғазы ауданы) бағытына жүретін пойыз 

- Алматыға  дейінгі пойыз. 

Пойыздар жөнелтілгеннен  кейін вокзал перрондары босап, жолаушылар жолға шықты. Қазіргі уақытта вокзалда ешқандай қарбалас жоқ, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Тұрғындар арасында жалған ақпарат таратпауларыңызды және тек тексерілген деректерге сенулеріңізді сұраймыз.

11 сәуір, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.