Атырау облысы дәрі-дәрмектің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қолда бар қорды ықтимал су тасқынынан қорғауға сақадай-сай, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Үмітхан Мұсабаеваның айтуынша, өңірде медициналық және дәрілік препараттардың қоры жеткілікті.
– Бізде әрқашан екі айлық қор болған және бар. Олар ауруханалар мен емханалардың, диспансерлер мен медициналық орталықтардың өтінімдері бойынша қамтамасыз етіледі. Біздің өңір елді мекендер арасындағы байланысты үзген жоқ, барлық дәрі-дәрмек кез келген ықтимал жолмен – ұшақпен, тікұшақпен, пойызбен, автокөлікпен жеткізілетін болады, - деп атап өтті Ү.Мұсабаева.