Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқынына байланысты Air Astana әуе компаниясы жолаушыларға 21 сәуірді қоса алғанда жоспарланған Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларына барлық рейстер үшін сатып алу орны бойынша қаражатты толық қайтаруды ұсынады, деп хабарлады әуе компанияның баспасөз қызметі.
Жолаушылар ыңғайлығы үшін айыппұлсыз 15 мамырға дейін қайта брондау мүмкіндігі беріледі.
Еске салайық, Air Astana тобы қажет болған жағдайда зардап шеккендерге ұшу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін тасымалдау сыйымдылығын 2500-ден астам орынға арттырып, Атыраудан қосымша 14 рейс іске қосты.