Атырау, 23 қыркүйек 14:23
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Димаш Құдайберген Құлсарыға келді

Бейнежазба
430 просмотра

Әлемге әйгілі әнші, музыкант Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету үшін Құлсарыға келді.

Бір күн бұрын Димаш еріген су басқан туған жері Ақтөбе облысына барып, жерлестерімен кездесіп, қолдау білдірген болатын. 10 сәуірде ол әкесі Қанатпен және бүкіл ұжымымен Жылыой ауданында болды.

- Қиын-қыстау күндерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, осылай бір-бірімізге көмек көрсетіп жүруге жазсын. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазіргі таңда бізге бірлік керек. Сабыр сақтау керек. Құдайдан үлкен үмітпен жақсылық тілейік. Ел аман, жұрт тыныш болсын. Бүкіл қайғылы күндер осымен кетсін, -  деді Димаш. 

Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмектесқол ұшын беруге шақырды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 сәуір, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.