Атырау, 25 қараша 00:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қосымша 300 әскери қызметші Атырау облысына жіберілді

527 просмотра

Теңіз жаяу әскері бригадасының әскери қызметшілері көктемгі су тасқынына қарсы күресте халыққа көмек көрсету үшін іргелес аймақтағы Махамбет ауданына 13 бірлік әскери техникамен жолға шықты, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Атырау қаласында теңіз жаяу әскерлері аралас тәсілмен жүріп барады. Алдымен теміржол арқылы олар облыс орталығына жетеді, қалған 60 шақырымды әскери техникамен жүріп өтеді. Бұл қозғалыс әдісі жеке құрамды, әскери техниканы және инженерлік мүлікті белгіленген ауданға жедел жеткізуге мүмкіндік береді. 

– Теңіз жаяу әскерлерінің су тасқынына қарсы күреске жұмылуы қиын-қыстау кезде қызметтік борышын орындауға дайын екенін көрсетеді. Ел басына күн туғанда армия қашанда көмекке әзір. Әскери қызметшілер бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, зардап шеккен ауылдарды қалпына келтіруге атсалысады, – деп атап өтті теңіз жаяу әскерлері бригадасының командирі подполковник Азамат СУЛЕЙМЕНОВ.

Теңіз жаяу әскерлерімен бірге аталған өңірдегі су тасқынына қарсы күреске Ақтау гарнизонының басқа да әскери бөлімдері жұмылғанын айта кетелік. Құлсары қаласында бөгетті қалпына келтіру және қаланың айналасына құм салынған қаптарды төсеу жұмыстарына 99116 әскери бөлімінің 157 әскери қызметшісі және Маңғыстау облысы аумақтық қорғаныс бригадасының 163 жауынгері жұмылдырылды.

11 сәуір, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.