Бұл туралы Маңғыстау облыстық жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек БЕКМАҒАНБЕТОВ хабарлады.
– Маңғыстау облысында біздің өңірде су тасқыны болмағандықтан төтенше жағдай жарияланған жоқ. Тиісінше, төтенше жағдай енгізуге негіз жоқ. Дегенмен, Атырау облысындағы қазіргі жағдайды және азаматтарды эвакуациялауды ескере отырып, шара алып, әр аудан мен қалада шектеулі мөлшерде эвакуациялық пункттер құрдық. Маңғыстау облысы бойынша эвакуациялық пункттерде барлығы 12 787 орын құрылды, оның 9 079 орны бос. Бірінші кезеңде Ақтаудағы эвакуациялау пункттерінде дайындалған орындар толды. Осы жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Уақытша баспанаға мұқтаж азаматтарға Түпқараған, Қарақиян, Мұнайлы және Маңғыстау аудандарынан, сондай-ақ Жаңаөзеннен көмек сұрауға кеңес береміз», - деді Бекмағанбетов.