Атырау, 25 қараша 00:51
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ағаш көпір тұрғындардың қажетіне жарап тұр

604 просмотра

Бұрын Миялы мен Жангелдин ауылдарын жалғап тұрған жолды су тасқыны бұзған соң ауыл тұрғындарының күшімен ағаштан жаяу жүргіншілер көпірі салынды.

Қызылқоға ауданында топан судың салдарынан Миялы-Жангелдин арасындағы асфальт жол бұзылған болатын. Тұрғындар ауданмен қатынасты қайық арқылы шешуге мәжбүр болды.

Ауыл тұрғындарының бірі Ғаділбек БЕРЖАНОВ жаяу көпірдің сызбасын сызып дайындап, ал құрылысшылар Әсет МҰРАТОВ пен Райымбек ХАСАНОВ ауыл жігіттерімен бірлесіп, ағаштан жаяу көпір жасады.

Енді ауыл тұрғындарының 9 метрлік көпірі бар. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 сәуір, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.