Атырау, 25 қараша 00:56
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырауда Соколок каналы биіктетіліп жатыр

823 просмотра

Қазіргі уақытта Соколок каналында тазарту және тереңдету жұмыстары жүруде, деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

«Жайық өзенінің суын   24 шақырымдық Соколок каналы арқылы,  Каспий теңізіне бұру үшін,  бөгеттері биіктетілуде. Бұл жерде NCOC компаниясының 30-ға жуық техникасы бар. Қазіргі уақытта бөгеттің 2 шақырымдық бөлігінде жұмыс аяқталды. Осы аптаның ішінде жұмысымызды бітіреміз деген сеніміміз бар. Алдағы уақытта жұмысқа қосымша адам күші мен техника тартылады» деді Соколок каналына жауапты координатор Олжас Сұлтанов.


«ҚазСуШар» РМК мәліметіне қарағанда, облыс аумағында бастауын Жайық өзенінен алатын 15 магистральды су арнасы жұмыс істеп тұр. Одан бөлек Атырау қаласына қарасты аумақта Зарослый және Бухарка табиғи өзектеріне жыл сайын шаруашылық мақсатында су шығарылады.

Жайық өзенінің бойында Атырау облысының аумағында 26 елді мекен орналасқан. Атырау қаласынан бөлек оның 7-еуі Индер, 18-і Махамбет ауданына бағынышты.


10 сәуір, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.