2024 жылғы 10 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3655 метр болатын су тасқыны орын алды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында (ұзындығы 626 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 365 бірлік техника мен 701 адам жұмылдырылған.