Атырау, 25 қараша 00:28
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырау гарнизонының әскери қызметшілері Құлсарыда су тасқынымен күресіп жатыр

448 просмотра

Атырау гарнизонының №41433, 41321 және 21642 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құлсары қаласын тасқын судан қорғауға көмек көрсетіп жатыр. 

6 сәуірге қараған түнде Құлсары қаласына Атырау гарнизонының 175 әскери қызметшісі көмекке келді. Тасқын су басқан «Доссор-Құслары» бағытындағы жолды айналып өтіп, Құлсарыға жету үшін әскерилердің жеке құрамы 200 шақырымды жаяу өткерді.

«Құлсары қаласын тасқын судан қорғау мақсатындағы жағалауды нығайту жұмыстарына көмектесу үшін қосымша жеке құрам жіберілді. Әскери қызметшілер бір түнде 1 мыңнан астам қапқа топырақ толтырып, бөгетке төседі. Бұл жұмысқа барлығы 200-ден астам әскери қызметші жұмылдырылды», - дейді №41433 әскери бөлімшесінің рота командирі Рамазан ОДИНАЕВ.

Айта кету керек, 6 сәуірде «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты инженерлік қызметінің офицерлері Құлсары қаласына жақын маңдағы Жем өзенінің жасанды бөгетін бұзды. Соның нәтижесінде судың өту қарқыны күшейді.  


8 сәуір, 08:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.