Қазіргі таңда Жылыой ауданы Құлсары қаласында су басқан үйлер саны - 2680, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
ҚР ТЖМ күштерімен Жем өзенінің арнасынан асып, Құлсары қаласын су басуына байланысты 8150 қапқа құм толтырылып, 2200 метр қорғаныс бөгеттерін бекіту жүргізілді.
20 қоңырау түсіп, 9 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылып, 34 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 40 үй жануары эвакуацияланды.