Жылыой ауданына қарасты Тұрғызба ауылының тұрғындарын эвауациялау жұмыстары басталды. Аудан әкімі Жұмабек ҚАРАЖАНОВ ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бірінші кезекте әйел адамдар, балалар және мүмкіндігі шектеулі жандарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.
Оларды эвакуациялауға арнайы ҚТЖ-мен пойыз вагондары және автобустар қарастырылған. Сондай-ақ Ақтау қаласында және Маңғыстау облысының басқа да аудандарында эвакуациялық орындарр қарастырылған.
Тұрғызба ауылында 3518 тұрғын бар. Қазіргі таңда 430 адам эвакуацияланды. Олардың 173-і бала, 15-і зейнеткер. Олар ҚТЖ пойыздарымен Маңғыстауға жол тартты.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА