Атырау, 25 қараша 00:22
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бұл қарақшы емес, жалдамалы жұмысшы екен

419 просмотра

7 сәуір күні әлеуметтік желіде Құлсары қаласында орналасқан сауда үйлерінің біріне белгісіз адамның ұрлыққа түскені туралы бейнежазба тарады. 

Оқиға болған жерге жедел-тергеу тобы жіберілді. "Құлсары" сауда үйінің 1989 ж.т. иесінен түсініктеме алынды. 

Анығында 7 сәуір күні сағат 14:00 шамасында дүкен иесі сауда үйін тексеру үшін барған сәтте, екі тұлға сауда саттыққа арналған заттарды жинастырып жүргенін көріп, бейнетаспаға түсіріп алған. Аталған азаматтардың сауда үйінің ішіндегі пайдаға жарамды заттарды тұрғылықты мекенжайына тасу үшін ақысына жалданғаны анықталды. 

Дүкен иесі аталған факті бойынша ешқандай ұрлық орын алмағандықтан, арыз-талабы жоқ деген қолхат берді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 сәуір, 20:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.