Облыс әкімдігінің жаңа ғимаратында орналасқан Төтенше жағдайларды жою жөніндегі жедел штаб Атырау қаласы мен қала маңындағы су басуы мүмкін жерлердің картасын әзірлеуде.
Штаб мамандарының айтуынша, қазір карта әзірленіп жатыр. Қазіргі уақытта қаланың және қала маңындағы аумақтар шақырымдық учаскелерге бөлінген. Олардың саны 105, сәйкесінше жағалау нығайту жұмыстарына жауапты ұйымдардың саны да осындай.
«Тасқынға қарсы іс-шаралардың сәтті аяқталуы әрбір ұйымның сауатты жұмысына байланысты, - дейді штабта. - Сондықтан әрбір учаске нығайтылып, бәрі өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарауы тиіс».
Ал, штаб су басу қаупін көрсететін карта дайындап жатыр. Онда қауіптілік дәрежесіне қарай ол жерлер жасыл, сары, қызыл түспен белгіленеді. Штаб картаны бекіткеннен кейін әрбір тұрғын онымен таныса алады. Штабтағылардың айтуынша, ол бүгін кешке дайын болады.
Штабқа бүгін алғаш рет келген журналистерге Бесікті аймағында су бұратын бөгеттер салынатыны айтылды. Осылайша, оң жақтан Сарыөзек, сол жақтан Соколок каналы судың бір бөлігін өзіне алып, оны қаладан тыс жаққа бұрады. Бұл әдіс 1993 жылғы су тасқыны кезінде сәтті қолданылған.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Бейнежазбаны түсірген автор