Ақтау гарнизоны әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері қажетті жабдықтармен су тасқыны жүріп жатқан Құлсары қаласына бағыт алды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Іс-шаралар аясында шатырлар, ыдыс-аяқтар, су цистерналары, дала асханасы және әскерилерді қажетті тамақтанумен қамтамасыз етуге дайын әскери аспаздар бөлінді.