Су тасқыны салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілген Құлсары станциясына Мақат және Бейнеу станцияларынан өрт сөндіру және шаюға қарсы күресу пойыздары жіберілді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Олар кесек тастармен, рельсті пакеттермен, шпалдармен жабдықталған. Басты міндет - су басқан ауданнан еріген суды сорып алу. 100 жуық теміржолшы жұмылдырылған.
Еліміз бойынша барлығы толық жасақталған және кез келген уақытта 45 шайып кетуге қарсы пойыз су басқан жерге шығуға дайын. Штаттан тыс жағдайларға дереу ден қою үшін 47 өрт сөндіру пойызы кезекшілік етуде.
Су басқан аудандардан халықты теміржол арқылы эвакуациялау жалғасуда. 6 сәуір сағат 14.00-дегі жағдай бойынша Атырау облысында теміржол көлігімен 2320 жолаушы тасымалданды.