Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
"Батыс" өңірлік қолбасшылығы 99116 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құлсары қаласының маңындағы Жем өзенінің атырауында жару жұмыстарын жүргізді. Оның нәтижесінде өзеннің өтімділігі артты.
Теңіз жаяу әскері бригадасының 60 әскери қызметшісі Құлсары қаласына гуманитарлық көмек жіберуге жұмылдырылды. Олардың көмегімен 3000-нан астам жастық, көрпе, төсек жаймасы мен матрас бар 5 контейнер жіберілді.
Атырау гарнизонының 175 әскери қызметшісі (41433, 41321, 21642 ә/б) Құлсары қаласындағы су тасқынының салдарымен күресуге көмекке жіберілді.