Атырау, 24 қараша 03:28
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жайық өзеніндегі су деңгейі жарты метрге көтерілді

Бейнежазба
768 просмотра

Өткен тәулікте Индербор кентіндегі гидерпостта Жайық өзенінің деңгейі 52 см-ге көтерілуі тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, су деңгейінің көтерілуі БҚО тарапынан судың келуі есебінен болған.

Соңғы тәулік ішінде Махамбет кентіндегі Жайық өзеніндегі су деңгейі 14 см-ге көтерілді, Атырауда жағдай тұрақты күйінде қалып отыр.

Айта кетейік, 5 сәуірдегі жағдай бойынша Иректі су қоймасынан су ағызу 2300 м3/с құрайды, 6 сәуірдегі жағдай бойынша - 2170 м3/с.

6 сәуір, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.