Атырау, 5 сәуір 1027
 ашықВ Атырау +21
$ 504.34
€ 556.34
₽ 5.97

Браконьерден 120 келіден астам бекіре тәркіленді

722 просмотра

«Бекіре-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Шекара қызметкерлерімен 5 сәуір күні сағат 05:00 шамасында Дамба поселкесіндегі Жайық жағалауында 1988 ж.т. ер адамды ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оның автокөлігінің жанынан 5 дана қапшыққа салынған жалпы салмағы 121 келі 800 грамм болатын бекіре тұқымдас балықтар анықталып, тәркіленді. Күдікті қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Тәркіленген балықтар «Жайық-Атырау бекіре тұқымдас балықтарын өсіру» зауытына тапсырылды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, «Бекіре-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы облыста 31 мамырға дейін жалғасады.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

6 сәуір 2024, 01:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16