Сағат 22.45-тегі жағдай бойынша алдын ала ақпаратқа сәйкес 2500 жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттарды су басты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
ЖАО, ТЖД, ПД, ҚМ, Ұлттық ұлан күштері халықты эвакуациялауды жалғастыруда. Осы сағатта 4 мыңнан астам адам , оның ішінде 1 мыңнан астам бала эвакуацияланды.
Атырау облысында су тасқыны жағдайына байланысты Маңғыстау облысының ТЖД жедел тобы қазіргі уақытта жеке құрамнан 72 адам, шамамен 8 бірлік техника, 5 жүзу құралдары, 8 су сорғыштар авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу мақсатында Құлсары қаласына аттанды.