Атырау, 25 қараша 03:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жылыой ауданына 30 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның 80 сарбазы жөнелтіледі

654 просмотра

Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Көшқалиев басшылығымен департаменттің 50 қызметкері және Жылыой аудандық ІІБ-нің жеке құрамы Құлсары қаласындағы тасқын судан зардап шеккендерді эвакуациялау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына кірісті. 

Сонымен қатар, Ұлттық ұланның 75 қызметкері Құлсары қаласындағы тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіру, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына көмектесуде.

Құлсары қаласындағы тасқын судан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында 6 сәуір күні Департаменттің тағы 30 қызметкері мен Ұлттық ұланның 80 сарбазы жөнелтіледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды облыстық жедел штаб.

5 сәуір, 23:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.