Атырау, 7 қараша 07:25
 дождьВ Атырау +3.6
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Президент Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына қатысты тапсырма берді

1 324 рет қаралды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты елдегі су тасқыны жағдайы мен ахуалды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы үнемі хабардар етіп отыр.

Бұл туралы 2024 жылдың 5 сәуірінде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент тапсырмасы бойынша, Олжас Бектенов 5 сәуірде Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарына барды. Сондай-ақ өңірлік штаб жетекшілерінің қатысуымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді.

"Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысына жіберілді. Міндет - су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша жергілікті жұмыстарды үйлестіру", делінген хабарламада.

5 сәуір 2024, 22:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.