Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Жем өзені бойымен еріген сулардың мол келуіне байланысты Атырау облысы Жылыой ауданын Жем өзенінің су деңгейі көтерілуде, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
2024 жылғы 5 сәуірде Құлсары қаласын су басу қаупі орын алды. Жылыой ауданында дабыл сиренасы іске қосылып, аталған мекен-жайлардан «Батыс тех инвест» мекемесінің автобусы арқылы тұрғындарды 10 эвакуациялау пунктіне көшіруде. Қазіргі уақытта 130 адам, оның ішінде 84 бала эвакуацияланды.
Су басу қаупінің алдын алу мақсатында бөгеттерді нығайту жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бөгеттерді нығайту жұмыстарына ЖАО, АПБ, әскери бөлім, ТЖД қызметкерлерінен жалпы саны 323 қызметкер, 142 техника; еріктілер және ауыл тұрғындарынан 4540 адам жұмылдырылды.
1 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін 1996 дана қап қапталып, 135 418 тонна инертті материал төселді.
Аталған жағдайға байланысты, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 4 сәуірде сағат 21:53-те Атырау қаласының Құлсары қаласындағы станциясынан 5 вагоннан тұратын жолаушылар пойызы тұрғындарды тегін тасымалдауда.
2024 жылғы 5 сәуірде сағат 09:30-дан бастап еріген қар суының салдарынан Атырау облысы «Мұкыр-Құлсары» автожолының 0-136 шақырымында (Мұқыр ауылы - Құлсары қаласы учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Жылыой ауданындағы су тасқыны жағдайы қатаң бақылауда.